• Клиенттерге
  • Бизнеске
    • Бөлшек сауда / Супермаркеттер
    • Өнеркәсіп
    • Тағам және азық-түліктер
    • E-commerce
    • API интеграциясы
  • Жүргізушілерге
  • Біз туралы
  • Қалалар
  • Казахский
    • English
    • Русский
    • Español
    • Eesti
    • Deutsch
    • Українська
  • + 38 (068) 088 50 50
Мәзір
  • Клиенттерге
  • Бизнеске
    • Бөлшек сауда / Супермаркеттер
    • Өнеркәсіп
    • Тағам және азық-түліктер
    • E-commerce
    • API интеграциясы
  • Жүргізушілерге
  • Біз туралы
  • Қалалар
  • Казахский
    • English
    • Русский
    • Español
    • Eesti
    • Deutsch
    • Українська
  • + 38 (068) 088 50 50

VanOnGo ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ШАРТТАРЫ

Осы жалпы Ережелер мен Шарттар  (бұдан әрі  – «Шарттар») сіз үшін VanOnGo сервисін пайдалану шарттарын, төлем тәртібін, сервисті пайдаланушылардың қызметті алу және көрсету тәртібі мен басқа да маңызды мәліметтерді айқындайды, сол себепті VanOnGo сервисін пайдаланбас бұрын оларды оқып шығыңыз.

Сіздің ақпаратыңызды жинау, өңдеу, сақтау тәртібі, төлемдерді өңдеу тәртібі Конфиденциалдық саясатында, Cookie файлдарды пайдалану саясатында және басқа да құжаттарда сипатталған.

Ережелер мен Шарттар  Конфиденциалдық саясаты, Cookie саясаты, Тасымалдаушыларға арналған регламент, Жүргізушілерге  арналған регламент, Жіберушілерге арналған регламент және осы Ережелер мен Шарттар сілтеме жасаған  басқа да кез-келген құжатпен біртұтас құжатты түзеді және жариялы оферта шарты болып табылады. БІЗДІҢ СЕРВИСТЕ ТІРКЕЛУ АРҚЫЛЫ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ СІЗ ОСЫ ЕРЕЖЕЛЕР МЕН ШАРТТАРДЫ ОҚЫҒАНЫҢЫЗДЫ, БІЗБЕН КЕЛІСКЕНІҢІЗДІ ЖӘНЕ сіз үшін қолданылатын бөлігінде ШАРТТЫҢ ТАРАПЫНА АЙНАЛҒАНЫҢЫЗДЫ РАСТАЙСЫЗ

VanOnGo севисіне қолжетімділікті VanOnGo мобильді қосымшасы (бұдан әрі – «мобильді қосымша») және http://www.vanongo.com веб-сайты, сондай-ақ, Харьюмаа,  Маарду қаласы, Калласмаа көшесі, 15-50, 74111, Эстония (Harju maakond, Maardu linn, Kallasmaa tn 15-50, 74111, Estonia) мекенжайы бойынша тіркелген,  тіркелу нөмірі 14783810 болып табылатын VanOnGo Eastern Europe OÜ компаниясына және/немесе оның аффилиирлік тұлғаларына (бұдан әрі– «VanOnGo» немесе «біз»)  тиесілі басқа да URL-адрестер бойынша (бұдан әрі барлығы «Қосымша» деп аталады) арқылы ұсынылады.

Біздің Ережелер мен Шарттарға өзгерістер енгізу құқығымыз бар. Біз Ережелер мен Шарттардың жаңа редакциясы пайда болғаны туралы сізді хабардар ететін боламыз. Сіздің сервисімізді пайдалануды одан әрі жалғастыруыңыз сіздің толық түсіністігіңізді және Ережелер мен Шарттардың жаңа редакциясымен келісетініңізді растайды.

Төменде сіз мынадай бөлімдерді табасыз: ГЛОССАРИЙ, ЛИЦЕНЗИЯ және АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ, ҚОЛЖЕТІМДІЛІК және ТІРКЕУ, ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ТАПСЫРЫС БЕРУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ, ТӨЛЕМ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЕСКЕРТПЕЛЕР, ЖАУАПКЕРШІЛІК ШЕКТЕУЛЕРІ, ШЫҒЫНДЫ ӨТЕП БЕРУ КЕПІЛДІГІ, ҚОЛДАНБАЛЫ ҚҰҚЫҚ, АРБИТРАЖ, ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР.

ГЛОССАРИЙ

VanOnGo Сервисі – Қосымшада тіркелген пайдаланушыларға жүк тасымалдаушылық қызметтерге тапсырыс беруге және/немесе  қосымшаның басқа пайдаланушысына жүк тасымалдаушылық қызметтер ұсынуға мүмкіндік беретін технологиялық платформа.

VanOnGo сервисі жүк тасымалдауды жүзеге асыруды қамтамасыз етпейді және сақтандыру қызметтерін ұсынбайды. Жүк тасымалдау және сақтандыру қызметтерін тәуелсіз бөтен тараптың мердігерлері ұсынады, олар VanOnGo компаниясының немесе оның аффилиирлік тұлғаларының қызметкерлері болып табылмайды

Пайдаланушы – Мобильді қосымшада немесе Сайтта тіркелген есептік жазбасы бар Жіберуші немесе Тасымалдаушы,  сондай-ақ, олардың қызметкерлері және серіктестері және Жүргізушілер.

Жіберуші – тиісті қосымшада өзінің есептік жазбасын тіркеп, жүк тасымалдау қызметіне тапсырыс беретін жеке тұлға, заңды тұлға немесе кәсіпкер жеке тұлға.

Тасымалдаушы – тиісті қосымшада өзінің есептік жазбасын тіркеп, жүк тасымалдау қызметін көрсету ниетін білдірген жеке тұлға, заңды тұлға немесе кәсіпкер жеке тұлға.

Жүргізуші – VanOnGo сервисінің Жүргізуші Қосымшасында потенциалдық Жүргізушіні  жұмысқа тартудан мүдделі Тасымалдаушы туралы ақпарат алу және/немесе сіз атқара алатын Тасымалдаушы алған тапсырыстар туралы ақпарат алу мақсатында өзінің есептік жазбасын тіркеген жеке тұлға. Жүргізуші рөлін Тасымалдаушының жалдамалы қызметкері, серіктесі, мердігері атқара алады. Жүргізуші Жіберушінің жүгін тиеу және түсіруді жүзеге асырмайды.

Көмекші – Жіберуші Қосымшада осындай қызметке тапсырыс берген жағдайда, Тасымалдаушының көлік құралында Жүргізушімен бірге болатын және Жіберушінің жүгін тиеу/түсіруді атқаратын жеке тұлға, Тасымалдаушының қызметкері немесе серіктесі.

Алушы – Жіберуші атап көрсеткен, Тасымалдаушы оған жүкті жеткізіп беретін жеке немесе заңды тұлға.

Жүк – заңмен оны тасымалдауға тыйым салынбаған және қоршаған ортаға немесе үшінші тұлғаларға қатер төндірмейтін жансыз зат(тар).

Жүк тасымалдау келісім-шарты – заңмен шартталған және тапсырыс беру нысаны арқылы Жіберуші ұсынған және Тасымалдаушы қабылдаған шарттардың жиынтығы. Жүк тасымалдау келісім-шарты Жіберуші мен Тасымалдаушы үшін құқықтар мен міндеттерді тудырады. Келісім-шарт Жіберуші мен Тасымалдаушы жүк Тасымалдаушының көлік құралына тиелгеннен кейін және ол жолға шыққанға дейін олардың мобильді қосымшалары немесе Сайты арқылы өзара расталғаннан кейін бекітілді деп саналады.

ЛИЦЕНЗИЯ және АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

Ережелер мен Шарттарға сәйкес  VanOnGoкомпаниясы сізге шектелген, ерекше емес, кері шақырып алынатын, жеке атаулы лицензия береді, оны келесі аталған жағдайларда сублицензиялауға жатпайды: (i) қосымшаға қолжетімділікке және сіздің жеке құрылғыңызда тек қана Сервисті пайдалану мақсатында қосымшаларды пайдалануға; (Ii) кез-келген мақсатта пайдалануға, ақпаратты және ілеспе материалдарды және оларға қолжетімділікті қызмет көрсету арқылы тек қана жеке коммерциялық емес мақсатта пайдалануға. Осы құжатта айқын түрде қарастырылмаған кез-келген құқықтарды VanOnGo компаниясы мен оның лицензиарлары өз қолдарында сақтап қалады.

Сізге мынадай құқықтар берілмейді: (i) Сервистің кез-келген бөлігінде авторлық құқық, сауда маркасы немесе құқық иесі туралы кез-келген ескертпелерді өшіру; (Ii) VanOnGo компаниясы тиісті рұқсат бермеген жағдайда Сервиске негізделген туынды жұмыстарды тыңнан жасау, өзгерту, әзірлеу, қызметті пайдалану құқығын басқаға беру, бөлу, жалға беру, сату, екінші қайта сату, басқаға беру, жария ету, жариялы түрде орындау, басқаға жолдау, эфирге беру немесе Сервисті басқаша пайдалану; (Iii) қолданыстағы заңнамада қарастырылғаннан басқа жағдайларда Сервисті декомпиляциялау, қайта жобалау немесе демонтаждау; (Iv) Сервистің кез-келген бөлігіне қосылып алу,  Сервистің кез-келген бөлігін айна қатесіз қайталау немесе Сервистің кез-келген бөлігінің фреймін жасау; (V) Сервистің кез-келген бөлігін өшіру, индексациялау, қарастыру немесе мәліметтер жинаудың басқа тәсілін қолдану немесе заңсыз кедергі келтіру, немесе Қызметтің  кез-келген аспектісінің функциясын шектеу және/немесе орындалуын бұғаттау мақсатында кез-келген бағдарламалар немесе сценарийлерді орындау немесе іске қосу; немесе (vi) Сервиске заңсыз қолжетімділік алуға талпыну немесе Сервистің немесе онымен байланысты жүйелер немесе желілердің  кез-келген аспектісін бұзу.

Сервистің түрлі бөліктеріне қолжетімділік VanOnGo компаниясының түрлі брендтері аясында ұсынылуы мүмкін екенін сіз мойындайсыз. Сіз сонымен қатар Сервис немесе оның осындай брендтер аясында қолжетімді бөліктерін: (i) VanOnGoкомпаниясының жекелеген еншілес компаниялары немесе аффилиирлік тұлғалары; немесе (ii) тәуелсіз тараптың жеткізушілері, атап айтқанда көлік компанияларының жүргізушілері, чартерге рұқсат алғандар немесе осыған ұқсас тасымалдауға рұқсат алған компаниялар, рұқсат немесе лицензия иелері ұсына алатынын мойындайсыз.

Сервис және осы құжатта атап көрсетілген құқықтардың барлығы  VanOnGoкомпаниясының немесе оның лицензиарларының меншігі болып қала береді. Осы Ережелер мен Шарттар да, сіздің Сервисті пайдалануыңыз да сізге: (i) жоғарыда ұсынылған шектеулі лицензиядан өзге, Сервиске немесе онымен байланысты құқықтарға; және (ii) VanOnGo компаниясының немесе оның лицензиарларының фирмалық атауын, өнімдер немесе қызметтердің атауларының логотипін, сауда маркаларын немесе қызмет көрсету белгілерін немесе оларға сілтемелерді пайдалану құқықтарды бермейді және ұсынбайды.

ҚОЛЖЕТІМДІЛІК және ТІРКЕУ

Сіз тиісті Қосымшада өзіңіздің есептік жазбаңызды тіркегеннен кейін VanOnGo сервисіне қолжетімділік ала аласыз. Егер сіз жеке тұлға болсаңыз, онда өзіңіздің тіркелу жазбаңызға қолжетімділікті үшінші бір тұлғаларға беруге құқығыңыз жоқ. Егер сіз жеке тұлға-кәсіпкер немесе заңды тұлға болсаңыз, онда өзіңіздің тіркелу жазбаңызға қолжетімділікті өзіңіздің қызметкерлеріңізге немесе серіктестеріңізге бере аласыз.

Тіркелуге рұқсат 18 жастан асқан тұлғаларға беріледі.

Өзіңіздің тіркелу жазбаңызды жасау және одан әрі онымен жұмыс жүргізу барысында өзіңіз туралы дәлме-дәл, шынайы және өзекті ақпаратты ұсынуға міндеттісіз, атап айтқанда:

  • жеке тұлғалар: ТАӘ (тегі, аты, әкесінің аты), электронды  пошта мекенжайы, телефон нөмірі, банктік карта нөмірі, сондай-ақ,  тиісті Регламентте белгіленген басқа да ақпаратты;
  • жеке тұлға-кәсіпкерлер және заңды тұлғалар: атауы, тіркелу нөмірі, төлем картасы/банктік шот реквизиттері,  электронды мекенжайы, тиісті Регламентте белгіленген басқа да ақпаратты;

Өзіңіз туралы ақпарат жаңартылған жағдайда жаңасын ұсынуға міндетті боласыз. Бұл ақпаратты біздің жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану тәртібіміз төменде және Конфиденциалдық туралы саясатта сипатталған: https://vanongo.com/kk/privacy-policy .

Сіз жасақтаған тіркелу есептік жазбасы сіздің осы Шарттарды, оның ішінде сілтеме жасалған құжаттардың барлығын қабылдағаныңызды және олармен келіскеніңізді растайды.

Өзіңіздің тіркелу есептік жазбаңызды кез-келген заңсыз әрекетке пайдаланбайтыныңызды растайсыз.

Егер біздің қолымызда сіздің ұсынған мәліметтеріңіз шынайы емес екенін, сіздің тіркелу жазбаңыз заңсыз мақсатта пайдаланылатыны немесе үшінші бір тұлғалардың пайдаланатыны, сіз көрсеткен банктік карта сізге тиесілі емес екені және/немесе сіз басқа да жолдармен Ережелер мен Шарттарды бұзатыныңыз жөнінде негізді себептер бар болса, біз сіздің  VanOnGo сервисін пайдалануңыздан бас тарту құқығына ие болып табыламыз.

Егер өзіңіздің тіркелу есептік жазбаңызда көрсетілген банктік картаңыз немесе банктік реквизиттеріңіз ұрланғаны және/немесе үшінші тараптың алаяқтық жолмен пайдаланғаны туралы дәлелдеріңіз бар болса, бұл туралы сіз  VanOnGo сервисін хабардар етуге міндеттісіз. Пайдаланушының тіркелу есептік жазбасында көрсетілген банктік карта немесе банктік реквизиттерді үшінші тұлғалардың кез-келген алаяқтық мақсатта пайдаланғаны үшін жауапкершілікті біз жүктемейміз. Егер сіз үшінші тұлға өзіңіздің тіркелу есептік жазбаңызға заңсыз қолжетімділік алды деп санайтын болсаңыз, онда бізбен мына электронды мекенжай бойынша хабарласыңыз: service@vanongo.com.

Есептік тіркелу жазбасын жасақтау арқылы сіз Сервисті пайдалану үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылатын қалқыма хабарламалар (Notifications) алып отыратыныңызға келісіміңізді бересіз.

ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ТАПСЫРЫС БЕРУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ҰСЫНУ ТӘРТІБІ

ЖІБЕРУШІ үшін:

Егер сіз жүк тасымалдау қызметіне тапсырыс бергіңіз келсе, Жіберушінің қосымшасында сіздің есептік тіркелу жазбаңыз болуы қажет:  https://dashboard.vanongo.com/. Мұндай жағдайда сіз Жіберуші болып табыласыз және сізге қатысты төменде сипатталған жіберушінің құқықтары мен міндеттемелері қолданылады.

Жүк Тасымалдаушының көлік құралына тиелгеннен кейін және ол жолға шыққанға дейін, Жіберуші жүктің Тасымалдаушыға берілу дерегін Жіберушінің қосымшасында осы тапсырыстың нысаны (формасы) арқылы растауға тиіс. Егер Жіберуші жүктің тиеліп жіберілгенін растамаған болса, мұндай жүк қайта түсірілуге тиіс және көлік құралының ұсынылғаны үшін белгіленген сома Жіберушіден шығынға жазылатын болады.

Жіберуші өзінің есептік тіркелу жазбасы арқылы жүк тасымалдауға тапсырысты түзеді. Өтінімді түзу арқылы Жіберуші осындай жүктің орнын ауыстыруға қатысты барлық заңды құқықтарға ие екенін растайды.

Жіберушіге жанғыш, жарылыс шығу қаупі бар заттардың, есірткілік заттардың, қару-жарақтың орнын ауыстыруға тапсырыс беруге тыйым салынады.

Жіберуші жүкті Алушының мекенжайы, ТАӘ/атауы, телефон нөмірі секілді мәліметтерін атап көрсетуге міндетті.

Жіберуші жүктің жеткізілу уақытын көрсете алады. Егер Жіберуші осындай мерзімді атап көрсетпесе, Жіберушіден Алушыға дейінгі маршрутты жүріп өтуге қажетті есептік уақытқа байланысты оны VanOnGo сервисі ұсынады. Жіберуші өзі атап көрсеткен Алушы жүкті уағдалы жеткізілім күні ала алуы үшін қажетті шаралардың бәрін қолдануға міндетті.

Жіберуші жүкті Тасымалдаушының көлік құралына кім тиейтінін және Алушыға жеткен кезде оны кім түсіріп алатынын атап көрсетуге тиіс.

Жіберуші жүкті көлікпен тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз ету және тасымалдау барысында оның сақталуын қамтамасыз ету тұрғысынан жүкті тасымалдауға әзірлеуге міндетті. Егер жүкті тасымалдау үшін заңнамаға сәйкес арнайы құжаттар (куәліктер) қарастырылған болса, Жіберуші мұндай құжаттарды жүкпен бірге Тасымалдаушыға беруге міндетті. Егер жіберуші жүкке маркировка жасамаған болса, онда оған ақау келуі, бұзылуы немесе жоғалғаны үшін тасымалдаушы жауапкершілік жүктемейді. Жіберуші Тасымалдаушыдан, егер онда осындайлар бар болса, жүкті орау-буып-түюге арналған  материалдарды сұрата алады.

Жіберуші жүкті тиеу және/немесе түсіруге қажетті Жүргізуші Көмекшілерінің санын атап көрсете алады.

Жіберуші  Тасымалдаушыға қызмет ақысын төлеуге міндетті.

Жіберуші Тасымалдаушыдан жүктің Алушының мекенжайына жеткізілгені туралы хабарлама алғаннан кейін Алушымен хабарласуға міндетті. Алушыдан жүктің жеткізілгені және оның бүтіндігі туралы растау алғаннан кейін Жіберуші өзінің Қосымшасында тапсырыс нысаны арқылы Тасымалдаушыдан қызмет алғанын растауға міндетті.

Егер Тасымалдаушы ұсынған көлік құралы жүкті тасымалдауға лайықты болмай шықса, Жіберуші бұл көліктен бас тарту құқығына ие.

Жіберуші жүк жолға шықпай тұрып өзінің жүгін кері қайтарып алуға құқылы. Мұндай жағдайда көлік құралы ұсынылғаны үшін белгіленген сома Жіберушінің шотынан шығынға жазып алынады.

Жіберуші Жүк тасымалдау келісім-шартына «Алушының мәліметтері» бөлімінде оны Алушыға бермей тұрып өзгерістер енгізе алады.

Тасымалдаушының көлік құралына толық тиелген сәтке дейін жүк үшін жауапкершілік Жіберушіге жүктеледі.

ТАСЫМАЛДАУШЫ үшін

Егер сіз жүк тасымалдау бойынша ақылы қызмет ұсынғыңыз келсе,  Тасымалдаушының Қосымшасында сіздің есептік тіркелу жазбаңыз болуы қажет: https://dashboard.vanongo.com/.  Мұндай жағдайда сіз Тасымалдаушы болып табыласыз және сізге қатысты төменде сипатталғандай тасымалдаушының құқықтары мен міндеттемелері қолданылады.

VanOnGo сервисі Тасымалдаушыға Жіберушілердің тапсырыстары туралы ақпаратты ұсынады. Егер ол тапсырыста сипатталған тасымалдау қызметінің талаптарын қанағаттандырған жағдайда, Тасымалдаушы кез-келген Жіберушіден тапсырыс қабылдап алу құқығына ие.

Егер  Тасымалдаушы Жіберушіден тапсырыс қабылдап алған болса, ол Жіберушінің тапсырысында көрсетілген мекенжай бойынша және онда көрсетілген уақытта жүк тиеу үшін тиісті көлік құралын ұсынуға міндетті.

Егер  Жіберушінің тапсырысында жүкті тиеуді Тасымалдаушының Жүргізушісі/Жүргізушінің көмекшісі атқаратыны көрсетілген болса, онда жүк тиеуді Тасымалдаушы орындауға міндетті.

Егер жүк Тасымалдаушының Жүргізушісінің пікірінше ақаусыз жеткізуге мүмкіндік бермейтін орамада немесе бумада дайындалған болса немесе ол маркировкасыз ұсынылған болса, Тасымалдаушы мұндай жүкті қабылдап алуға бас тартуға құқылы.

Тасымалдаушының көлік құралына жүк тиелгеннен кейін және ол межелі жерге жеткізілгенге дейін, Тасымалдаушы жүктің Жеткізушіден берілгені туралы деректі Тасымалдаушының Қосымшасында осы тапсырыстың насаны арқылы растауға тиіс. Егер Тасымалдаушы жүктің тиелгенін растамай тұрып жолға шыққан болса, мұндай жүк ұрланған болып саналады, ал Тасымалдаушыға қатысты заңда қарастырылған шаралар қолданылатын болады.

Тасымалдаушы жүкті Жіберушінің келісім-шартта белгілеген мерзімінде жүкті жеткізіп беруге міндетті. Тасымалдаушы жүктің Алушының мекенжайына жеткені туралы Алушыны хабардар етуге міндетті.

Тасымалдаушы Жіберушіні жүктің Алушының мекенжайына жеткізілгені туралы хабардар етуге міндетті.  Жіберушіден тасымалдау қызметінің қабылдап алынғаны туралы растауды алғаннан кейін Тасымалдаушы тапсырыс нысанын жаба алады. Егер Тасымалдаушы Жіберушіден тасымалдау қызметінің қабылдап алынғаны туралы растауды алмаған болса, Тасымалдаушы жүкті Алушыға бермеу құқығына ие.

Тасымалдаушы жүк оның көлік құралына толық тиелген сәттен бастап Алушыға берген сәтке дейін (немесе егер жүкті түсіріп алуды Алушы атқаратын болса, жүкті түсіріп алу басталған сәтке дейін) жүк үшін жауапкершілікті, егер жүк оның кінәсінен бүлінгенін/жоғалғанын дәлелдей алмайтын болса, нақты шығын көлемінде өзіне жүктеп алады.

Егер Алушы жүкті қабылдап алмаса/қабылдап алудан бас тартса немесе Жіберуші оның тасымалдау қызметін қабылдап алмағаны туралы Тасымалдаушыны хабардар етпесе, Тасымалдаушы бұл туралы мобильді қосымша немесе Сайт арқылы Жіберушіні хабардар ете отырып, Жіберушінің есебінен және оның тәуекел етуімен жүкті өзінде сақтауға қалдыру құқығына ие болады.   Тасымалдаушы Алушыны хабардар еткеннен кейін бір айдың ішінде алынбаған жүк іздеусіз жүк деп танылады және заңмен белгіленген тәртіппен сатылуға жатады.

ТӨЛЕМ

Сервисті пайдалану  Тасымалдаушыдан алатын қызметтің ақысын төлеу міндеттемесіне алып келетінін сіз мойындайсыз («Алымдар»).  Сервисті пайдалану арқылы тасымалдау қызметін Жіберуші алғаннан кейін біз төлемді алу бойынша өкілеттігі шектеулі агенті рөлінде Тасымалдаушының атынан әрекет ете отырып сізге тиісті Алымды төлеуге көмектесеміз. Осындай тәсілмен Алымды төлеу сіздің Тасымалдаушы мен Сақтандыру компаниясының пайдасына тікелей төлейтін төлеміңізге ұқсас. Егер заңмен талап етілсе, Алым құрамына тиісті салықтар да қамтылатын болады. Сіз төлеген алымды, осы Шарттарда қарастырылмаған жағдайларда, қайтарып алуға немесе өтеп беруге болмайды. Сіз Тасымалдаушыдан тасымалдау қызметі үшін Алымның мөлшерін азайтуға сұрату құқығына иесіз. VanOnGo компаниясы тиісінше Тасымалдаушының өзі ұсынған тасымалдау қызметі үшін Алымның мөлшерін өзгерту туралы кез-келген өтінішіне жауап қатады.

Алымдардың барлығын тез арада төлеу қажет; бұл ретте ақы сіздің есептік тіркеу жазбаңыздан таңдап алынған негізгі төлем тәсілін пайдалана отырып   Stripe Inc.  компаниясы арқылы төленеді, немесе қолма-қол ақша түрінде төленеді. Төлем жүргізілгеннен кейін  электрондық пошта арқылы  және/немесе біздің Сервисіміздегі сіздің есептік тіркеу жазбаңызға төлемді растайтын құжатты сізге жібереміз. Егер сіздің есептік тіркеу жазбаңызда көрсетілген  негізгі төлем тәсілінің мерзімі өткен немесе басқа да кез-келген себеппен пайдалануға жарамсыз болып шықса, сіз Тасымалдаушының пайдасына төлемді алу бойынша өкілеттігі шектеулі агенті ретінде VanOnGo  компаниясы сіздің аккаунтыңызда көрсетілген (егер қарастырылған болса) қосымша төлем тәсілін пайдалана алатынымен келісесіз.

Stripe Inc төлемдік құрылымы Тасымалдаушыға және Сақтандыру компаниясына көрсетілген қызметтері үшін төленетін қолма-қол ақшасыз төлемнің толық көлемде жүргізілуін қамтамасыз етуге арналған. Сервисті пайдалану арқылы жүк тасымалдау қызметін алғаннан кейін сіз оған баға бере аласыз және өзіңізге қызмет көрсеткен Тасымалдаушы туралы қосымша пікір қалдыра аласыз.

Сіз бен біздің қарым-қатынасымыз бойынша, біз Сервисті пайдалану арқылы алынған кез-келген қызметтердің ұсынылғаны үшін алымның мөлшерін кез-келген уақытта өз білгенімізше анықтау, өшіру   және/немесе өзгерту құқығымызды сақтап қаламыз. Сонымен қатар сіз белгілі бір географиялық ауданда әрекет етуші Алымдар сұраныс жоғары болатын кезеңде немесе ауа райының ахуалына, жол жабынының сапасына байланысты елеулі ұлғаюы мүмкін екенін мойындайсыз және келісесіз. Сіздің осындай Алымдардың немесе төленуге тиіс төлемдердің бар екенінен хабардар немесе хабардар емес екеніңізбен байланыссыз, өзіңіздің есептік тіркеу жазбаңызда Алымдардың төленуі үшін жауапкершілік жүктейтін жағдайда, біз алымдарды төлеу міндеттемесі туындағаны туралы сізге хабар беру үшін саналы түрде күш салатын боламыз. Біз белгілі бір пайдаланушыларға Сервисті пайдалану арқылы алынған ұқсас және осы тақылеттес қызметтер үшін алынатын алымдардың мөлшерін азайта алатын арнайы ұсыныстар мен жеңілдіктерді ауық-ауық ұсынуымыз мүмкін. Бұл ретте сіз алмаған осындай  арнайы ұсыныстар мен жеңілдіктер сіздің Сервисті пайдалануыңызға немесе әрекет етуші Алымдарды төлеуге әсер ете алмайтынымен келісесіз. Сіз Тасымалдаушыға тапсырыс берілген қызметтен жүк Алушыға жеткізілмей тұрып  кез-келген сәтте бас тарта аласыз, алайда бұл ретте сізден тапсырыстың күші жойылғаны үшін ақы алынуы ықтимал. Егер Тасымалдаушыға байланыссыз себептермен сіз жіберген жүкті Алушы қабылдап алмаған жағдайда, Тасымалдаушы жүкті сақтағаны немесе оны кері жеткізіп бергені үшін сізден қосымша ақы өндіріп алу құқығына ие болады.

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЕСКЕРТПЕЛЕР. ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕП БЕРУГЕ КЕПІЛДІК

Құқықтық ескертпелер.

ҚЫЗМЕТТЕР «БАР КҮЙІНДЕ» ЖӘНЕ «БАР БОЛСА» ПРИНЦИПІ БОЙЫНША ҰСЫНЫЛАДЫ. БІЗ СЕРВИСТІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС БЕРІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕЛЕР ЖАСАМАЙМЫЗ ЖӘНЕ СЕНІМДІЛІК, УАҚЫТЫЛЫ ЕКЕНІ, САПАСЫ, ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ЖАРАМДЫЛЫҒЫ НЕМЕСЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ БОЙЫНША НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЗДІКСІЗ НЕМЕСЕ КІДІРІССІЗ ҰСЫНЫЛАТЫНЫНА КЕПІЛГЕРЛІК ЖӘНЕ КЕПІЛДІК БЕРМЕЙМІЗ. БІЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ САПАСЫНА, ЖАРАМДЫЛЫҒЫНА, ҚАУІПСІЗДІГІНЕ НЕМЕСЕ МҮМКІНДІКТЕРІНЕ КЕПІЛДІК БЕРМЕЙМІЗ. СІЗДІҢ СЕРВИСТІ ПАЙДАЛАНУЫҢЫЗҒА ЖӘНЕ ОЛ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС БЕРІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ БАРЛЫҒЫ ҮШІН ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАДА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН ЕҢ ЖОҒАРҒЫ КӨЛЕМДЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ТЕК СІЗ ҒАНА ӨЗІҢІЗ ЖҮКТЕП АЛАСЫЗ.

Жауапкершілікті шектеу.

ОСЫНДАЙ ШЫҒЫННЫҢ БОЛУ ЫҚТИМАЛДЫҒЫ ТУРАЛЫ  VanOnGoЕСКЕРТКЕН ЖАҒДАЙДЫҢ ӨЗІНДЕ, ҚЫЗМЕТТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ НЕМЕСЕ СЕРВИСТІ ПАЙДАЛАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ БАСҚА ТӘСІЛМЕН ТУЫНДАҒАН ТУРА, КЕЗДЕЙСОҚ, ІС ЖҮЗІНДЕГІ, ЖАНАМА ШЫҒЫНДАР ҮШІН, ОНЫҢ ІШІНДЕ  ҚОЛҒА КЕЛМЕГЕН ТАБЫС, ЖОҒАЛҒАН МӘЛІМЕТТЕР, ДЕНЕЛЕЙ ЖАРАҚАТ НЕМЕСЕ МАТЕРИАЛДЫҚ ШЫҒЫН ҮШІН БІЗ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕМЕЙМІЗ.  ОСЫНДАЙ ШЫҒЫННЫҢ ТУЫНДАУ МҮМКІНДІГІ ТУРАЛЫ БІЗ ХАБАРДАР БОЛҒАН ЖАҒДАЙДЫҢ ӨЗІНДЕ, (I) СЕРВИСТІ ПАЙДАЛАНУ, ҚЫЗМЕТТІ АЛУ НЕМЕСЕ СЕРВИСКЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АЛУ НЕМЕСЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ӘРЕКЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ; ЖӘНЕ (II) СІЗ БЕН КЕЗ-КЕЛГЕН ТАСЫМАЛДАУШЫ АРАСЫНДАҒЫ КЕЗ-КЕЛГЕН КЕЛІСІМНІҢ САЛДАРЫНАН ТУЫНДАҒАН ШЫҒЫН, МІНДЕТТЕМЕ НЕМЕСЕ ЗАЛАЛ ҮШІН БІЗ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕМЕЙМІЗ. БІЗДІҢ ТАРАПЫМЫЗДЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫСҚАРЫ ЖАТҚАН СЕБЕПТЕРМЕН ҚЫЗМЕТТІ ҰСЫНУДА ПАЙДА БОЛҒАН КІДІРІСТЕР НЕМЕСЕ СЕРВИСКЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІҢ БОЛМАУЫ ҮШІН БІЗ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕМЕЙМІЗ. ТАСЫМАЛДАУШЫЛАР ЖҮКТІ БІРЛЕСЕ ОТЫРЫП ЖЕТКІЗЕ АЛАТЫНЫНА СІЗ КЕЛІСЕСІЗ. ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА БОЛМАСЫН, ҰСЫНЫЛАТЫН СЕРВИСКЕ БАЙЛАНЫСТЫ  VanOnGo  КОМПАНИЯСЫНЫҢ СІЗДІҢ АЛДЫҢЫЗДА ЖҮКТЕП АЛАТЫН ТОЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ БАРЛЫҚ ШЫҒЫНДАР, ШЫҒЫСТАР ЖӘНЕ ШАҒЫМДЫҚ НЕГІЗДЕР БОЙЫНША 500 (БЕЗ ЖҮЗ) ЕВРОДАН АСУЫ МҮМКІН ЕМЕС.

СІЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ТАПСЫРЫС БЕРУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАРДЫ ЖОСПАРЛАУ, ТАСЫМАЛДАУ ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ ҮШІН СЕРВИСТІ ПАЙДАЛАНА АЛАСЫЗ, БІРАҚ  ОСЫ ШАРТТА ҚАРАСТЫРЫЛҒАННАН ӨЗГЕ ЖАҒДАЙЛАРДА, VanOnGo  КОМПАНИЯСЫ ТАСЫМЫЛДАР ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАР ҮШІН СІЗДІҢ АЛДЫҢЫЗДА ЕШҚАНДАЙ МІНДЕТТЕМЕ НЕМЕСЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕП АЛМАЙТЫНЫМЕН СІЗ КЕЛІСЕСІЗ. ОСЫ БӨЛІМДЕГІ ШЕКТЕУЛЕР МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ЕСКЕРТПЕЛЕР ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАҒА СӘЙКЕС АЛЫП ТАСТАУҒА БОЛМАЙТЫН СІЗДІҢ ТҰТЫНУ РЕТІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗДЫ ШЕКТЕУ НЕМЕСЕ ӨЗГЕРТУДІ ҚАРАСТЫРМАЙДЫ.

ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ КЕПІЛДІГІ

Сіз  шығындарды өтеуге және VanOnGoкомпаниясын және оның лауазымды тұлғаларын, директорларын, қызметкерлерін және агенттерін (i) сіздің Сервисті немесе Сервисті пайдалану арқылы алған қызметтерді пайдалануыңыз; (ii) осы Ережелердің және Шарттардың кез-келген тәртібін бұзуыңыз; (iii) сіздің Пайдаланушы контентіңізді біздің пайдалануымыз; немесе (iv) сіздің  кез-келген үшінші тұлғаның, атап айтқанда, Тасымалдаушылардың/Жіберушілердің/Сақтандыру компаниясының құқығын бұзуыңыз  салдарынан немесе сонымен байланысты туындаған кез-келген шағымдардан, талап арыздардан, шығындардан, міндеттемелер мен залалдардан босатуға келісесіз.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰҚЫҚ. АРБИТРАЖ

VanOnGo компаниясы мен Пайдаланушы арасындағы қарым-қатынастар осы Шарттарға сәйкес реттеледі және түсіндіріледі. Жалпы ережелер Эстония Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі. Тараптардың тұрғылықты жеріне/орналасқан жеріне қарамастан, тараптардың арасындағы кез-келген даулар   Эстония Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі. Егер тараптар даулы мәселелер бойынша келіссөздер арқылы келісімге келе алмаған жағдайда, осы Шарттардан немесе осыған байланысты туындаған дау, атап айтқанда, оның түсініктемесі, орындалуы, бұзылуы, тоқтатылуы немесе жарамсыздығы, Харью уезінің сотының қарауы мен түпкілікті шешім шығаруына жіберілуге жатады.

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Сіз осы Шарттарда қарастырылған өзқұқықтарыңыздан шегініс жасай алмайсызнемесе  VanOnGo компаниясының алдын-ала жазбаша рұқсатынсыз олардытолығымен немесе ішінара басқаға береалмайсыз. Сіз VanOnGo компаниясына осыЕрежелерде және Шарттардақарастырылған құқықтарынан шегінугенемесе, оның ішінде: (i) еншілес компанияғанемесе аффилирлік тұлғаға; (Ii)  VanOnGoкомпаниясының акциясын, бизнесін немесе активтерін сатып алушыға; немесе (iii) компаниялардың бірігуі нәтижесінде пайдаболған құқықтық мұрагеріне олардытолығымен немесе ішінара беругекелісіміңізді бересіз.  Сіз, VanOnGoкомпаниясы мен Сервисті Пайдаланушы арасындағы қарым-қатынастар, сіз бен  VanOnGo компаниясы арасында осыкелісім-шартының бар екеніне қарамастан, бір де бір бірлескен кәсіпорын, қоғам, агенттік немесе жұмыспен қамту қарым-қатынасын құруды қарастырмайды.

Егер заңнамаға сәйкес осы Ережелер мен Шарттардың қандай да бір тәртібі заңсыз, жарамсыз немесе толықтай (немесе ішінара) шағымдық күші жоқ дептанылатын болса, бұл ереже немесе оның бір бөлігі тиісті көлемде  осы Ережелер мен Шарттардың құрамына кірмейді депесептеледі, ал осы Ережелер мен Шарттардың қалған бөлігінің заңдылығы, әрекеттілігі мен қолданылу мүмкіндігі бұзылмайды. Мұндай жағдайда тараптар  осы Ережелер мен Шарттардың мазмұны мен мақсаттарын ескере отырып, оның  заңсыз, заңсызға барынша ұқсасәрекеттері бар, жарамсыз немесешағымдық күші жоқ тәртібін (оның бөлігін) шағымдық күші бар және заңды, жарамды, шағымдық күшін жоғалтпаған тәртіптермен (оның бөлігімен) алмастырады.  Осы Ережелер мен Шарттар олардың мәніне қатысты тараптардың толық уағдаластығы болып табылады. Осы Ережелер мен Шарттардағы «оның ішінде» және  «қоса алғанда» деген сөздер «атап айтқанда, шектеусіз» дегенді білдіреді.

VanOnGo ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ШАРТТАРЫНЫҢ күшіне енген күні: 30.12.2019

    Сынақ нұсқасын алыңыз

    Қағаз нысанды толтырыңыз, біздің менеджер 2 сағаттың ішінде сізбен хабарласады

    Thank you! The data was sent successfully.
    close

      Кеңес алу

      Қағаз нысанды толтырыңыз, біздің менеджер 2 сағаттың ішінде сізбен хабарласады

      Vanongo сіздің конфиденциалдығыңызды (жеке ақпаратыңыздың құпиялығын) қорғауға және оны құрметтеуге міндеттенеді. Біз сізге қатысты жеке ақпаратты тек сіздің тіркелу жазбаңызды әкімшілеу және бізге өзіңіз сұраныс берген өнімдер мен қызметтерді ұсыну үшін ғана пайдаланатын боламыз. Біз әредік сізбен өз өнімдеріміз мен қызметтеріміз жайында, сонымен қатар сізді қызықтыруы мүмкін басқа да контент жайында байланысқа шығып отыруды қалаймыз. Егер сіз осы мақсатта біздің өзіңізбен хабарласуымызға келісіміңізді берсеңіз, төменде сізбен қалай байланысқа шыға алатынымызды атап көрсетуіңізді сұраймыз:

      Сіз сұратқан контентті ұсынуымыз үшін біз сіздің жеке мәліметтеріңізді сақтап өңдеуіміз қажет. Егер сіз өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді осы мақсатта сақтауға келісіміңізді берсеңіз, төменге жалаушаны қойыңыз.

      Сіз бұл хабарламаларға жазылудан кез келген уақытта бас тарта аласыз. Жазылудан қалай бас тарту, біздің конфиденциалдықты қамтамасыз ету тәжірибеміз туралы, сіздің конфиденциалды ақпаратыңызды қорғау және құрметтеуге қалай талпынатынымыз туралы қосымша ақпарат алу үшін біздің Конфиденциалдық саясатымызбен танысыңыз.

      Thank you! The data was sent successfully.
      close
      footer-logo footer-logo
      • VanOnGo
      • Клиенттерге
      • Бизнеске
      • Жүргізушілерге
      • Құқықтық ақпарат
      • Конфиденциалдық саясаты
      • Пайдалану шарттары
      • Сookie файлдарын пайдалану
      • Біз туралы
      • Біз туралы
      • Қалалар
      • Блог

      Kk

      • Байланыс ақпараты
      • Ақпарат

        info@vanongo.com

      • Серіктестердің сұрақтары:

        partner@vanongo.com

      • Телефондар:

        Киев: + 38 (068) 088 50 50

        Таллинн: + 372 (660) 36 14

        Берлин: + 49 (178) 291 56 06

        Алматы: + 7 (771) 707 70 03

        Жаңа Зеландия: +64 22 109 0733

        Австралия: +64 22 109 0733

        Испания: +372 660 3614

        Басқа елдер: +372 660 3614

      VanOnGo 2021. Барлық құқық қорғалған

      Әлеуметтік медиа:

      • inst
      • fb
      • in
      • youtube2

      Бізді әлеуметтік желілерде қадағалаңыз:

      • inst
      • fb
      • in
      • youtube3
      VanOnGo 2021. Барлық құқық қорғалған