• Садақа беру
  • Бизнеске
    • Бөлшек сауда / Супермаркеттер
    • Өнеркәсіп
    • Тағам және азық-түліктер
    • E-commerce
    • API интеграциясы
  • Клиенттерге
  • Жүргізушілерге
  • Біз туралы
  • Қалалар
  • + 7 771 707 7003
  • Қазақ тілі
    • English
    • Español
    • Eesti
    • Deutsch
    • Українська
    • Română
    • Български
    • Polski
    • Русский
Мәзір
  • Садақа беру
  • Бизнеске
    • Бөлшек сауда / Супермаркеттер
    • Өнеркәсіп
    • Тағам және азық-түліктер
    • E-commerce
    • API интеграциясы
  • Клиенттерге
  • Жүргізушілерге
  • Біз туралы
  • Қалалар
  • + 7 771 707 7003
  • Қазақ тілі
    • English
    • Español
    • Eesti
    • Deutsch
    • Українська
    • Română
    • Български
    • Polski
    • Русский

VanOnGo КОНФИДЕНЦИАЛДЫҚ САЯСАТЫ

1. КІРІСПЕ

Осы Конфиденциалдық туралы саясатVanOnGo Eastern Europe OÜ (бұдан әрі«VanOnGo» немесе «біз»)  VanOnGo сервисінпайдаланушылардың (бұдан әрі «Пайдаланушылар» немесе «сіз») жеке мәліметтерін қалай жинайтынын және пайдаланатынын сипаттайды. Конфиденциалдық саясаты бүкіл дүниежүзі бойынша VanOnGo қосышаларын, сайттарын, функциялары мен сервистерін пайдаланушылардың барлығына таралады. 

Бұл саясат жеке мәліметтерді қорғау туралы заңнамаға сәйкес, атап айтқанда: Европалық парламент пен Кеңестің 2016 жылғы27 сәуірдегі «Жеке тұлғаларды олардың жеке мәліметтерін өңдеуге қатысты қорғау және осындай мәліметтердің еркін қозғалысы туралы» 2016/679 Регламентіне (ЕО), сонымен қатар  95/46/ЕС  Директивасының күшін жою туралы  (мәліметтердің қорғалуын жалпылама реттеу)» (бұдан әрі – «GDPR») және басқа да жеке мәліметтерді қорғауда қолданылатын басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес құрастырылған.

Сіздің жеке мәліметтеріңіздің бақылаушысы  (операторы) болып VanOnGo Eastern Europe OÜ (тіркелу коды 14783810) табылады, ол мына мекенжай бойынша тіркелген: Харьюмаа,  Маарду қаласы, Калласмаа көшесі, 15-50, 74111, Эстония (Harju maakond, Maardu linn, Kallasmaa tn 15-50, 74111, Estonia).

Саясатқа сәйкес жеке мәліметтер дегеніміз Пайдаланушы туралы 2 –ші бөлімде анықталған ақпаратты білдіреді. Ол  VanOnGo қосымшасы және  https://vanongo.com веб-парақшасы, сондай-ақ осы Саясатқа сілтеме жасалатын басқа да веб-парақшалар арқылы жиналады және ұсынылады.

Сіздің жеке мәліметтеріңізге байланысты сұрақтар бойынша Жеке мәліметтерді қорғау бойынша офицермен хабарласа аласыз (dpo@vanongo.com).

2. ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАУ

VanOnGo және оның атынан әрекет етуші тараптар келесі ақпаратты жинайды:

  1. VanOnGo Сервисінде аккаунт ашқан және ондағы ақпарат жаңартылған кезде сіз ұсынатын ақпаратты:
  • Аты-жөні, электронды мекен-жайы, телефон нөмірі, логин, пароль, профильдегі суреті,  төлемдік және банктік мәліметтер (оның ішіенде төлемдерді растау үшін), мемлекеттік сәйкестендіру құжаттарының мәліметтері, оның ішінде жүргізуші құқығының нөмірі мен фотосуретін, бұған қоса пайдаланушының туған күні, қолы және фотосуреті  (қосымшаның түріне байланысты «Тапсырыс берушілер үшін», «Тасымалдаушылар үшін», «Жүргізушілер үшін» бөліктерінде қолданылғанда). Бұл санатқа сонымен қатар Пайдаланушы-жүргізушілердің автокөліктері мен сақтандыру полистері туралы ақпарат, бұған қоса пайдаланушылық баптаулар туралы ақпарат та кіреді.  Пайдаланушы-жүргізушілердің жүктеген фотосуреттері олардың жеке тұлғасын тексеру үшін пайдаланылуы мүмкін;
  • Пайдаланушы-жүргізушінің жүргізу тарихы туралы, сонымен қатар оның сотталғансотталмағаны туралы (заңмен рұқсат етілген жағдайда) және жұмыс істеу құқығы туралы мәліметтер. Бұл ақпаратты VanOnGo атынан біз авторизациялаған басқа тарап  компания жинай алады;
  • біз пайдаланушылардың демографиялық мәліметтерін, соның ішінде сауалнама арқылы да жинай аламыз;
  • біз пайдаланушылар қолдау қызметіне жүгінген, басқа Пайдаланушыларды бағалаған, өз пікірлерін қалдырған, тасымалдауға тапсырыс берген және т.б. кезде VanOnGo сервисіне ұсынатын ақпаратын жинаймыз. Мұндай ақпаратқа Пайдаланушылар жолдаған пікірлер, фотосуреттер, түсініктемелер, хабарламалар жатады
  1. VanOnGo сервисін пайдаланған кезде жасақталатын мәліметтер. Оларға мыналар жатады:
  • Мобильді қондырғылардың баптауларында рұқсат етілген жағдайда, пайдаланушылардың нақты немесе болжалды орналасқан жері туралы мәліметтер. Сонымен қатар біз Пайдаланушы-жүргізушілердің сапары кезінде олардың құрылғыларынан жиналған олардың жүрген жері туралы мәліметтерді,  өз құрылғыларынан осындай мәлімет жинауға рұқсат бермесе де, Пайдаланушылардың аккаунттарымен байланыстырамыз. Бұл түбіртек жасақтау, Пайдаланушыларды қолдау, алаяқтықтан қорғау, сақтандыру, сонымен қатар сот талқылаулары туындайтын жағдайлар үшін қажет;
  • біздің сервистерімізді пайдалануға байланысты  транзакциялар туралы мәліметтер, оның ішінде сұратылған және ұсынылған қызметтің түрі туралы, тапсырыстың және жеткізілімнің егжей-тегжейі туралы, қызмет ұсынылған күні мен уақыты туралы, бағыттың алыстығы туралы, шығысқа шығарылған сома және төлем тәсілі туралы мәліметтер;
  • сіздің біздің сервистерімізбен ықпалдастығыңыз туралы мәліметтер: кірген күні мен уақыты, пайдаланылған функциялар, қаралған парақшалар, қосымшаның және жүйенің басқа да элементтерінің жұмысындағы тоқыраулар, браузер түрі. Кейбір жағдайларда осындай мәліметтерді жинау үшін бірыңғай сәйкестендіргіш бойынша қадағалаудың cookie файлдар, пиксельдер, тегтер секілді басқа да  технологиялары пайдаланылады. Осы  технологиялар туралы толығырақ Cookie файлдары туралы саясаттан білуге болады (https://vanongo.com/kk/cookie-policy);
  • біздің сервистерімізге қол жеткізу үшін пайдаланылатын құрылғылардың, оның ішінде аппарат модельдері, IP-адрестер, операциялық жүйелер және нұсқалар, бағдарламалық жасақтама, артықшылықтағы тілдер, құрылғылардың бірегей сәйкестендіргіштері және серия нөмірлері, жарнамалық сәйкестендіргіштер туралы мәліметтер, сонымен қатар құрылғылардың мекен алмастыруы және мобильді желінің мәліметтері;
  • Біздің қосымшалар және сайттар арқылы Пайдаланушылар және/немесе VanOnGoөкілдері арасындағы коммуникация туралы мәліметтер. Бұл функцияны жүзеге асыру үшін  VanOnGo компаниясы телефон қоңыраулары,  SMS және басқа да коммуникациялар туралы, оның ішінде күні, уақыты және мазмұны туралы мәліметтер алады. VanOnGo компаниясы бұл мәліметтерді Пайдаланушыларды қолдау (оның ішінде, туындаған дауларды шешу үшін), қауіпсіздікті ұамтамасыз ету, өнімдер мен қызметтерді жақсарту, сондай-ақ, талдау мақсаттарында пайдалана алады.
  1. Басқа көздерден алынған мәліметтер. Оларға мыналар жатады:
  • Пайдаланушылардан келіп түскен бағалаулар, пікірлер, мақтаулар және басқа да кері байланыс мәліметтері.
  • Біздің Пайдаланушылардың назарын тарту бағдарламаларына қатысушылардың мәліметтері.
  • Пайдаланушылар мен басқа да тұлғалардың даулар мен шағымдар шеңберінде ұсынған ақпараттарындағы мәліметтер.
  • бізге пайдаланушылардың жеке тұлғасын растауға, соныман қатар қауіпсіздікті және заңнама талаптарын сақтауды қамтамасыз ету үшін олардың құжаттары мен жұмыс істеу құқығын тексеруге көмектесетін компаниялардың мәліметтері.
  • сақтандыру, көлік және қаржылық қызметтерді жеткізушілердің мәліметтері;
  • серіктес көлік компанияларының мәліметтері  (егер сіз осындай компаниямен байланысты аккаунт арқылы біздің сервистерімізді пайдаланатын Пайдаланушы-жүргізуші болсаңыз).
  • жалпылама қолжетімді көздерден алынған мәліметтер.
  • маркетингтік қызметтерді жеткізушілердің мәліметтері.

3. ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕРІН ӨҢДЕУ МАҚСАТТАРЫ

Біз жеке мәліметтерді төменде аталған мақсаттарға сай жинаймыз және өңдейміз:

  • VanOnGo сервисін ұсыну және Пайдаланушыларға өзара жүк тасымалдау қызметтерін алуға/ұсынуға мәмілелер жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету;
  • географиялық ауданды талдау және тасымалдаушыларға/жүргізушілерге нұсқаулар беру үшін. Егер сіз Жіберушілерге геолокациялық мәліметтерді ашуға ниетсіз болсаңыз, сіз онда VanOnGo қосымшасын жабуыңыз керек немесе  VanOnGo қосымшасында өзіңіздің желіде емес екеніңізді және қазіргі уақытта тасымалдау қызметін көрсетпейтініңізді жазуыңыз керек;
  • жүргізуші куәлігі, кәсіби біліктілігі, жеке басын куәландыратын құжаттардың, сондай-ақ сотталғаны және құқық бұзушылығы туралы мәліметтері негізінде тасымалдаушы/жүргізуші ретінде жарамдылығы және заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау үшін;
  • Жүк жіберушіге тасымалдаушыны/жүргізушіні және көлік құралын сәйкестендіру мүмкіндігін беру үшін,сондай-ақ, Пайдаланушылар арасында коммуникацияны қамтамасыз ету үшін VanOnGo қосымшасы тасымалдаушының фотосуретін, атын және көлік құралы туралы мәліметтерді көрсетеді;
  • Болуы мүмкін сезікті әрекеттерді анықтау және алаяқтықтың алдын алу мақсатында;
  • VanOnGo Ережелері мен VanOnGoШарттарының сақталуын бақылау үшін біз Пайдаланушылардың бағалаулары мен пікіріне қатысты ақпаратты пайдаланамыз;
  • ұсынылатын қызметтер мен төлемдерді өңдеу инфрақұрылымын қолдау мақсатында;
  • клиенттерді қолдау қызметін көрсету үшін;
  • маркетингтік хабарламалар үшін (VanOnGoқосымшасында, SMS арқылы, push-хабарламалар арқылы, электронды пошта арқылы);
  • Пайдаланушылардың өмірін, денсаулығын және басқа да өмірлік маңызы бар мүдделерін қорғау мақсатында;
  • жеткізу барысы туралы ақпаратты ұсыну және қадағалап отыру үшін;
  • түбіртектер жасақтау және жіберу, пайдаланушыларды шарттардың, қызметтер мен ережелердің өзгерісі туралы хабардар ету, сонымен қатар VanOnGo компаниясының және оның серіктестерінің сервистері мен өнімдерінің жарнамасымен байланысты емес басқа да хабарламаларды жіберу үшін;
  • VanOnGo сервистерін пайдаланумен байланысты даулар мен талаптарды шешу және зерттеу үшін, сондай-ақ,  басқа да заңды мақсаттарда немесе реттеуші, мемлекеттік және басқа да ресми органдардың сұратуларына жауап ретінде пайдаланады.

4. ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕМЕ

Біз қолымызда ол үшін жеткілікті заңды негіздер болған жағдайда ғана жеке мәліметтерді жинаймыз және пайдаланамыз. Түрлі мазмұнды жеке мәліметтерді жинау және өңдеу қажеттілігі тиісті GDPRнормаларына негізделген.

Жеке мәліметтер VanOnGo мен Пайдаланушылар арасындағы жариялы шартты, сондай-ақ, Пайдаланушылар арасында жүк тасымалдау қызметтерін алу/көрсету мәмілелерін орындау үшін өңделеді.

Жеке мәліметтер заңгерлік тұрғыда негіздемесі бар тектеп тексеруге қызығушылық болғанда және сезікті төлемдер анықталған жағдайда өңделуі мүмкін.

Жеке мәліметтер VanOnGo немесе үшінші бір тұлғалардың заңды мүдделерін қорғау үшін өңделеді.

Сотталғаны және құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер заңнаманы сақтау мақсатында өңделеді.

Сонымен қатар біз қылмыстық әрекеттер немесе қоғамдық қауіпсіздікке қатер төнген жағдайларда, соның ішінде сот тәртібімен үшінші тұлғалардың сұратуы бойынша мәліметтерді  құқық қорғау органдарына бере аламыз.

Кейбір жеке мәліметтер сіздің келісіміңізге сәйкес жиналады және пайдаланылады. Атап айтқанда, біз ерікті саулнамалар барысында жеке мәліметтерді жинаймыз. Осындай сауалнамалардың нәтижесінде алынған жауаптар сіздің келісіміңізге сәйкес пайдаланылады және сауалнама мақсаттарына қол жеткізіле сала өшіріледі.

Жеке мәліметтерін жинауға және өңдеуге өз келісімін берген Пайдаланушы оны кез-келген уақытта кері шақырып ала алады, алайда ол мұндай жағдайда, оларды ұсыну үшін осындай мәліметтер қажет болатын қызметтер мен функцияларға қол жеткізу мүмкіндігінен айырылады.

5. ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ БЕРУ ЖӘНЕ АШУ

Кейбір VanOnGo өнімдері, қызметтері мен  функциялары басқа Пайдаланушыларға немесе сұрату бойынша оларға мәліметтер беруді меңзейді. Сонымен қатар егер ол үшін заңды негіздер болған жағдайда немесе бұл талапарызды қанағаттандыру және дауларды шешу үшін қажет болған жағдайда біз жеке мәліметтерді біздің еншілес компанияларымызға және іскерлік әріптестерімізге бере аламыз.

Сіздің кейбір жеке мәліметтеріңізді VanOnGo қосымшасынан сіз тапсырыс жіберген/алған Пайдаланушыларға ғана ашылады.

Сіздің сұратуыңыз бойынша біз сіздің мәліметтеріңізді басқа пайдаланушыларға ашып көрсете аламыз. Сонымен қатар сіздің келісіміңіз бойынша біз, егер сізді ақпаратты ашу ниетіміз туралы хабарландырып, сіз оған келісіміңізді берген жағдайда, осы Саясатта қарастырылмаған жағдайларда, ақпаратты үшінші тұлғаларға бере аламыз.

Пайдаланушының тұрғылықты жеріне қарай, жеке мәліметтерді VanOnGoкомпаниясының жергілікті еншілес компанияларына, олардың өкілдіктеріне, аффилирлік тұлғаларына, агентеріне және т.б. ашылуы мүмкін. Жеке мәліметтерді өңдеу осы Саясаттың шарттарына сәйкес жүргізіледі. 

Заңнамада қарастырылған жағдайларда және тиісті сұрату бар болғанда біз сіздің жеке мәліметтеріңізді   уәкілетті мемлекеттік органдарға бере аламыз.

6. МӘЛІМЕТТЕРДІ САҚТАУ ЖӘНЕ ЖОЮ

VanOnGo профиль мәліметтерін, транзакциялар туралы мәліметтер мен басқада жеке мәліметтерді Пайдаланушыныңаккаунты жұмыс істеп тұрған уақытта(активті кезде) сақтайды.

Талап етілген және заңмен рұқсат етілгенжағдайларда, аккаунтты жою туралы сұратуалғаннан кейін де VanOnGo белгілі бірмәліметтерді сақтай алады. 

VanOnGo Пайдаланушылары аккаунтты жоютуралы сұратуды кез-келген сәтте жібереалады. Мұндай сұрату алғаннан кейін, VanOnGo заңгерлік, салықтық, сақтандыру, сот және басқа да заңнамалық талаптарға сәйкес сақтауға міндетті болатын мәліметтерден басқа барлық ақпаратты жояды. Мысалы, VanOnGo компаниясы төлем ақпаратын, орналасқан жері туралы мәліметтерді, құрылғысы және платформаны пайдалануы туралы мәліметтерді 5 жылдан аспайтын уақыт бойы сақтайды.  Сақталған ақпаратты VanOnGo қауіпсіздікті қамтамасыз ету, алаяқтық оқиғаларының алдын алу немесе оны әшкерелеу, сондай-ақ, зерттеулер мен әзірлемелер жасау үшін пайдалана алады. 

VanOnGo сонымен қатар қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін Пайдаланушының келешекте VanOnGo  Сервисінде жаңа аккаунт жасап алуының алдын алу мақсатында қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін осы Пайдаланушының аккаунтын бұғаттау үшін қажет болатын белгілі бір ақпаратты да сақтай алады.

7. ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ӨЗ ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Сіздің жеке мәліметтеріңізді өңдеуге байланысты сіз келесі құқықтарға ие болып табыласыз:

  • Сіз туралы біздің қандай мәліметтерді өңдейтініміз туралы ақпарат алуға және өңделген жеке мәліметтеріңіздің көшірмесін алуға құқығыңыз бар;
  • Дәлме-дәл емес ақпаратты түзету құқығына;
  • өз мәліметтеріңізді өшіруге немесе жоюға құқылысыз. Бірақ егер мәліметтерді өңдеу заң талаптарына сәйкес болған жағдайда, бұл құқық абсолютті болып табылмайды және ондайда қолданылмайды;
  • біздің тарапымыздан сіздің мәліметтеріңізді өңдеуімізге шектеу қоюға сұрату жасау құқығыңыз бар. Мұндайда сіздің мәліметтеріңізді біз әлі де сақтай аламыз, бірақ оларды одан әрі пайдаланбаймыз;
  • мәліметтерді басқа компанияға көшіру құқығы, яғни өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді бізден басқа компанияға көшіруге сұрату жасау құқығыңыз бар;
  • өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді өңдеудің белгілі бір түріне қарсылық білдіру құқығы, оның ішінде тура маркетингтік мақсатта мәліметтерді өңдеуге қарсылық білдіруге құқығыңыз бар;
  • өзіңіз берген келісімді кері шақырып алу құқығыңыз бар, алайда осы кері шақыруға дейін сіздің келісіміңіздің негізінде жасалған өңдеулердің заңдылығына бұл әсер ете алмайды;
  • егер өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді біздің тарапымыздан өңдеуіміз мәліметтерді қорғау жөніндегі қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмейді деп санасаңыз, онда мәліметтерді қорғау жөніндегі қадағалаушы органға шағым беру құқығыңыз бар. Мәліметтерді қорғау жөніндегі қадағалаушы орган –  Эстонияның Мәліметтерді қорғау жөніндегі инспекциясы (www.aki.ee);
  • жоғарыда аталған құқықтардың кейбіреуі тек белгілі бір жағдайларда ғана қолданылады. Осы құқықтардың қандай да біреуін пайдаланғыңыз келсе, бізбен мына электронды пшһошта арқылы байланысқа шығыңыз: dpo@vanongo.com.

8. ЖІБЕРУШІЛЕРДІҢ ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕРІН ӨҢДЕУ

Біздің рұқсатымызсыз немесеПайдаланушының тікелей келісімінсіз басқаПайдаланушылардың жеке мәліметтерінөңдеуге құқығыңыз жоқ. Жеткізуқызметтерін көрсету/алу мақсаттарынан өзгесебептермен қандай да бір Пайдаланушыменбайланысқа шығуға немесе өзіңіз VanOnGo Сервисі арқылы қол жеткізген немесе басқаПайдаланушының өзі ұсынған жекемәліметтерді жинауға, тіркеуге, сақтауға, қолжетімділік беруге, пайдалануға немесеайқаспалы пайдалануға құқығыңыз жоқ.

Сіз Пайдаланушылардың жеке мәліметтерінөңдеу ережелері мен шарттарын сақтауғаміндеттенесіз. Егер сіз жеке мәліметтердіөңдеу талаптарын бұзатын болсаңыз, сіздіңтікелу жазбаңызды бұғаттауға және сізденшығынның орнын толтырып өтеп берудіталап етуге біздің құқығымыз бар.

9. КОНФИДЕНЦИАЛДЫҚ САЯСАТЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ

Біздің осы Саясатқа арагідік өзгерістер енгізуге құқығымыз бар. Саясат жаңғыртылғаннан кейін біздің сервистерімізді пайдалану сіздің заңнамамен жол берілетін дәрежеде біз енгізген өзгерістермен келісетініңізді білдіреді.

Біздің осы Саясатқа арагідік өзгерістер енгізуге құқығымыз бар. Егер оған елеулі өзгерістер енгізілсе, біз сізді VanOnGOқосымшасы немесе басқа да тәсілдермен, мысалы, электронды пошта арқылы олармен алдын-ала таныстыратын боламыз. Соңғы өзгерістерден хабардар болып отыру үшін осы парақты арагідік қарап отыруға кеңес береміз.

10. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

Жеке мәліметтерді өңдеуге байланыстыдаулар Пайдаланушыларды қолдау қызметіарқылы  service@vanongo.com немесе Жекемәліметтерді қорғау жөніндегі офицерарқылы  (dpo@vanongo.com) шешіледі.

VanOnGo КОНФИДЕНЦИАЛДЫҚ САЯСАТЫ өз күшіне енген күн: 30.12.2019

    Сынақ нұсқасын алыңыз

    Қағаз нысанды толтырыңыз, біздің менеджер 2 сағаттың ішінде сізбен хабарласады

    Thank you! The data was sent successfully.
    close

      Кеңес алу

      Қағаз нысанды толтырыңыз, біздің менеджер 2 сағаттың ішінде сізбен хабарласады

      Vanongo сіздің конфиденциалдығыңызды (жеке ақпаратыңыздың құпиялығын) қорғауға және оны құрметтеуге міндеттенеді. Біз сізге қатысты жеке ақпаратты тек сіздің тіркелу жазбаңызды әкімшілеу және бізге өзіңіз сұраныс берген өнімдер мен қызметтерді ұсыну үшін ғана пайдаланатын боламыз. Біз әредік сізбен өз өнімдеріміз мен қызметтеріміз жайында, сонымен қатар сізді қызықтыруы мүмкін басқа да контент жайында байланысқа шығып отыруды қалаймыз. Егер сіз осы мақсатта біздің өзіңізбен хабарласуымызға келісіміңізді берсеңіз, төменде сізбен қалай байланысқа шыға алатынымызды атап көрсетуіңізді сұраймыз:

      Сіз сұратқан контентті ұсынуымыз үшін біз сіздің жеке мәліметтеріңізді сақтап өңдеуіміз қажет. Егер сіз өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді осы мақсатта сақтауға келісіміңізді берсеңіз, төменге жалаушаны қойыңыз.

      Сіз бұл хабарламаларға жазылудан кез келген уақытта бас тарта аласыз. Жазылудан қалай бас тарту, біздің конфиденциалдықты қамтамасыз ету тәжірибеміз туралы, сіздің конфиденциалды ақпаратыңызды қорғау және құрметтеуге қалай талпынатынымыз туралы қосымша ақпарат алу үшін біздің Конфиденциалдық саясатымызбен танысыңыз.

      Thank you! The data was sent successfully.
      close
      footer-logo footer-logo
      • VanOnGo
      • Клиенттерге
      • Бизнеске
      • Жүргізушілерге
      • Құқықтық ақпарат
      • Конфиденциалдық саясаты
      • Пайдалану шарттары
      • Сookie файлдарын пайдалану
      • Біз туралы
      • Біз туралы
      • Қалалар
      • Блог

      Kk

      • Байланыс ақпараты
      • Ақпарат

        info@vanongo.com

      • Серіктестердің сұрақтары:

        partner@vanongo.com

      • Телефондар:

        Эстония: + 372 (660) 36 14

        Германия: + 372 660 3614

        Украина: + 38 (068) 088 50 50

        Қазақстан: + 7 (771) 707 70 03

        АҚШ (Батыс жағалау): + 1 (425) 209 61 55

        Ұлыбритания: + 0 (791) 988 30 06

        Жаңа Зеландия: + 64 22 109 0733

        Австралия: + 64 22 109 0733

        Румыния: + 4 (075) 606 11 82

        Әзірбайжан: + 9 (9450) 753 76 36

        Басқа елдер: + 372 660 3614

      In partnership with Opendatabot

      VanOnGo 2022. Барлық құқық қорғалған

      Әлеуметтік медиа:

      • inst
      • fb
      • in
      • youtube2

      Бізді әлеуметтік желілерде қадағалаңыз:

      • inst
      • fb
      • in
      • youtube3
      VanOnGo 2022. Барлық құқық қорғалған